Дерекқорды Amazon RDS-ке тасымалдау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Сіз Kaspersky Security Center дерекқорыңызды жергілікті құрылғыдан Amazon RDS қолдайтын Amazon S3 данасына тасымалдай аласыз. Бұл мақсатта, RDS дерекқоры үшін S3 себеті және осы S3 себеті үшін AmazonS3FullAccess құқықтары бар IAM пайдаланушысының есептік жазбасы керек.

Дерекқорды тасымалдау үшін:

  1. RDS данасын жасағаныңызға көз жеткізіңіз (толық ақпаратты Amazon RDS анықтамалық беттерінен ала аласыз).
  2. Физикалық Басқару серверіңізде (жергілікті), Басқару сервері деректері үшін "Лаборатория Касперского" сақтық көшірмелеу утилитасын іске қосыңыз.

    Файлдың атауы backup.zip екеніне көз жеткізіңіз.

  3. backup.zip сақтық көшірме файлын Басқару сервері орнатылған EC2 данасына көшіріп алыңыз.

    Басқару сервері орнатылған EC2 данасында бос диск кеңістігінің жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. AWS айналасында дерекқорды тасымалдау процесін орындау үшін данаңызға диск кеңістігін қосуға болады.

  4. AWS-тағы Басқару серверінде "Лаборатория Касперского" сақтық көшірмелеу утилитасын интерактивті емес режимде қайтадан іске қосыңыз.

    Нәтижесінде, деректерді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру шебері іске қосылады.

  5. Әрекетті таңдау қадамында Басқару серверінің деректерін қалпына келтіру тармағын таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
  6. Қалпына келтіру параметрлері қадамында Сақтық көшірмелерді сақтауға арналған қалта өрісінің жанындағы Шолу түймесін басыңыз.
  7. Ашылған Онлайн сақтау орнына кіру терезесінде келесі өрістерді толтырып, ОК түймесін басыңыз:
  8. Жергілікті сақтық көшірмеден тасымалдау параметрін таңдаңыз. Шолу түймесін қолжетімді болады.
  9. Шолу түймесін басып, AWS Басқару серверінде backup.zip файлы орналастырылған қалтаны таңдаңыз.
  10. Келесі түймесін басып, процедураны аяқтаңыз.

Деректер S3 орнын пайдалану арқылы RDS дерекқорында сақталады. Сіз бұл дерекқорды AWS айналасында Kaspersky Security Center бағдарламасымен одан әрі жұмыс істеу үшін пайдалана аласыз.

Осы құжатта көрсетілген веб-беттердің мекенжайлары Kaspersky Security Center шыққан күні дұрыс болып саналады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Басына оралу